«Аманат» партиясының өкілдері «Бадам-2» тұрғын алабы халқының түйткілді мәселелерін тыңдады. 30-дан аса адамның шешімін таппай жүрген арыз-өтінімдерін қабылдап, сұрақтарына салмақты жауап қатты. Әсіресе, ит аулаушылардың әрекетсіздігін айтып, шағымданған жұрт бала қауіпсіздігін назарға алуды өтінді.


 Қабылдау барысында Бадамдықтар бұралқы иттердің шектен тыс қаптап, тіпті адамдарға, әсіресе балаларға кесірін тигізе ме деп алаңдайтынын жеткізді. Тұрғындар жергілікті атқарушы органдардың тарапынан еш әрекет болмағанын айтып, шырылдап отыр.


ЖАМАНҚҰЛ ПІРІМҚҰЛОВ, БАДАМ-2 ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Иттер егесіз қалды. Мемлекетіміз иттерді атуға болмайды деп заң шығарып қойған. Ал, олар керек десеңіз, малды айтпағанда мектепке баратын немере, балаларымыз, кешке оқудан қайтқанда қараңғыда шабуыл жасап жатқан жағдайы бар. Жоғары жақтағы азаматтарға жеткізсеңіздер. Елдер иттерін тыйса. 


Бұдан өзге жарық пен ауыз су, газ мәселелері, жол, инфрақұрылым саласындағы бірқатар проблемаларын жеткізді. Партия мүшелері аталған мәселелердің оң шешім тауып береміз деп уәде етті. Көтерген кей түйіткілдердің сол мезетте шешімі табылып жатса, кейбіріне заң аясында кеңестер беріліп, қалған тұрғындардың талап тілегі тиісті орындарға жолданды.


 ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Кейбір заңнамалық нәрселерге байланысты кедергілер келуі мүмкін. Өйткені, кейбір азаматтардың құжаттамалық негіздері болады. Үйлерінің құжаттары дұрыс емес екендігі анықталып жатыр. Оларға енді уақыт керек болады. Оларды да біз тиісті мемлекеттік органдарға жолдаймыз. Уақыт талаабына сай олар да өз кезегімен шешіледі деп ойлаймын. 01:59


Айта кетейік, Аманаттықтар жыл басынан бері дәл осындай 12 қоғамдық қабылдау өткізіп, 160-тан аса тұрғынның мәселесін қарады. Оның 60 пайызы оң шешімін тапқан.