Шымкент қаласында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызып тұр. Қоғамдық көлік желісін жақсарту мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында кешенді шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.


 Жаз мезгілінде әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 8 мыңға жуық бала қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне жолдама алған. Бұл – мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіз әрі пайдалы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қолдау. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық та қарқынды жүргізілуде. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушылар саны 27 546-ға жетеді деп күтілуде. Бүгінде оның 21 097-сі тіркеліп үлгерген.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

ата-аналардың балаларын мектепке қабылдау туралы өтініш екі әдіспен жолдауға болады Бірі электронды түрде екіншісі мектепке келіп қағаз түрінде. 12777 қазақ сыныбына орыс сыныьбына 4818 өзбек сыныбына 3499 бала қабылданған.


Әлеуметтік қолдаумен қатар жұмыспен қамту саласында да жүйелі істер қолға алынған. Сәрсен Абайұлының айтуынша, жыл басынан бері 770 адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілген. Оның 610-ы колледждерде және оқу орталықтарында білім алып жатса, қалғаны жұмыс беруші мекемелер базасында өндірістік тәжірибеден өтуде. Бұл азаматтарға мемлекет есебінен шәкіртақы төленеді.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Білім беру ұйымдарында төленетін шәкіртақа 43574 теңгені құрайтын болса Жұмыс орындарында 78640 теңг. Жұмыссыз адамдар қоғамда сұранысқа ие мынадай мамандықтарға оқи алады. Шаштараз стилист буғалтір аспаз кондитер тігінші пішуші


Шаһардың санитарлық тазалығы да әкімдіктің жіті бақылауында. Жақында Қаратау ауданында тұрғындар тарапынан заңсыз қоқыс төгу дерегі анықталып, жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті хаттама толтырылып, аумақ тазаланған. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Қаладағы тазалық пен тәртіпті күшейту мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.