Шымкент пен Түркістан облысында 1 тамыздан бастап электр энергиясының жаңартылған тарифтері күшіне енеді. Бұл шешім ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаментімен бекітілді. Мұндағы мақсат — энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз етіп желілерді жаңғырту болып отыр.
Тарифтердің өсуі — бұл мәжбүрлі қадам және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту үшін стратегиялық құрал. Егер бүгін жаңартуға қаржы бөлінбесе, ертең бұл халыққа әлдеқайда қымбатқа түседі. Мәселен Қазақстандағы энергетикалық инфрақұрылымның 60 пайыздан астамы моральдық және техникалық жағынан ескірген. Жылу желілерінің үштен бірі, электр станцияларының біразы 40–50 жылдан бері жаңартылмаған.
КЕНЖЕБОЛАТ КӨШЕКБАЕВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Орташа босату тарифі қазіргі таңда электр энергия бойынша 30,06 тиын болып табылады. Халық бізде 20 теңге 85 тиынмен төлейді. Ал заңды тұлғалар 37 тиынмен, бюджеттік мекемелер 61 теңге 34 тиынмен. Су бойынша бізде орташа құн салығынсыз тариф өз құны 188 теңге 13 теңге, халық 104 теңге 36 тиынмен төлейді. Заңды тұлғалар 541 теңге 5 тиын, мемлекеттік мекемелер 772 теңге 39 тиын.
Тарифтің өсуіне көмір, жанармай, құрылыс материалдары мен электр энергиясының қымбаттауы және саладағы кадрларды ұстап қалу үшін жалақыны қайта қарау қажеттілігі әсер етеді. Жылдар бойы тарифтердің жасанды түрде төмен деңгейде ұсталып, индексацияланбауы да қымбатшылыққа алып келіп отыр.
КЕНЖЕБОЛАТ КӨШЕКБАЕВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Стратегиялық тауар түрінің немесе құынының мемлекеттік реттеуге жататын стартегиялық тауарларды тасымалдау тәртібінің өзгеруі себеп былып табылады. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгерту, қазіргі таңда тарифті инвестициялық бағдарламаға айырбастау жүргізілуде. Сонымен қатар өңірдегі экономиялық қызмет бойынша, бір қызметкердің номиналды жалақысының өзгеруі.
Оңтүстік өңірдің электр желілері тозудың жоғары деңгейіне жеткен. Шымкентте 200 шақырымнан астам желі мен ондаған қосалқы станциялар нормативтік мерзімінен артық пайдаланылуда. Ал Түркістан облысында 300 шақырым желі апаттық жағдайда, қосалқы станциялар да шекті мерзімнен тыс жұмыс істеп келеді. Бұл мәселеге қоғамдық кеңес мүшелері алаңдаушылық білдіріп отыр.
БАРШАГҮЛ ИСАБЕК, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Мысалы біз мекеме ретінде суға 685 тг төлейді екенбіз заңды тұлға ретінде, ал жеке тұлға ретінде 140 тг төлейді екенбіз. Ал енді светтікі заңды тұлғалар 31,28, свет 22 теңге. Сонда 1,4 есе. Неге суға соншалықты 4,89 есе төлейміз ал светтікі 1,4. Бұл қандай негізде жасалып жатыр. Одан кейін өткенде суды мемлекетке қайтару сәселесі болды. Ең судың бағасын қымбат төлейтін тариф Шымкентте ал құны ең төменгі.
2024 жылғы Шымкентте 107,6 км желі жаңартылды, 50 трансформатор ауыстырылса,биыл тағы 90,5 км желі жаңартылып, 33 трансформатор, 4 қосалқы станция салынбақ.