Мегаполисте аялдамалар жаңарып жатыр. Автобустарға дыбыстық хабарлау жүйесін орнату жұмысы да қарқын алған. Атқарылып жатқан ауқымды шаруалар мен мегаполистегі өзекті мәселелерге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жеке жеке тоқталды.
Баспасөз жиынында қоғамдық көлік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қала аумағында қазіргі таңда 2 335 аялдама орны бар. Биылдың өзінде 300-ге жуық жаңа аялдама павильоны орнатылып, ескілері жаңартылған. Сонымен қатар, автобустарға дыбыстық хабарлау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазірдің өзінде 1 003 қоғамдық көлікке бұл жүйе орнатылып үлгерген.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ,РЕСМИ ӨКІЛ
Жыл соңына дейін қалған 4 компанияға тиесілі 117 көлікке бұл жұйе толығыфмен енгізілмек. Нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін барлық автобуста дыбыстық хабарлама орнатылатын болады.
Қала әкімдігінің күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Соңғы уақытта сиыр етінің бағасы шарықтағаны белгілі. Осыған байланысты әлеуметтік дүкендер желісі арқылы еттің бір келісін 2 620 теңгеден сату ұйымдастырылған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласының ірі сауда нүктелерімен ет өндіруші шаруа қожалықтарымен мемарандум түзілген. Қазір сиыр етін қаладағы 60 жуық сауда орындарында 2600 теңге мөлшерінде сатып алуға мүмкіндік қарастырылған.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілер арқылы жолданған сауалдар мен ұсыныстар да назарға алынып, әкімдік әр пікірге жауап беруге, қоғаммен ашық жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.