Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы заңды түрде жұмыс істейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша: елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 882 жұмыс беруші бар. Оларда 352 мыңнан астам Қазақстандық істейді. Ал шетел азаматтары жалпы жұмыскерлердің 4,4 пайызын құрайды.
МИГРАНТТАР ҚАНДАЙ САЛАЛАРДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ:
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ - 5 160
АЛ АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫНДА – 2 902
ТАУ – КЕН ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ – 1 347
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ – 1 178
МИГРАНТТАР КЕЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТЕР:
ҚХР – 5 463
Өзбекстан – 2 477
Үндістан – 1 097
Түркия – 1 071
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер қатары құрылыс саласында. Мұнда 5160 шетелдік қызмет атқарады. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында – 2 902 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша – 1 347 азамат, өңдеу өнеркәсібі негізінде – 1 178 шетелдік жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан, Өзбекстан, Үндістан және Түркиядан келеді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.