Оңтүстік өңірден солтүстікке көші-қон ұйымдастыру азаматтарды жұмыспен қамтудың негізгі мақсаты. Бастамаға үлес қосушы делегация мүшелері Келес ауданында болып, жергілікті тұрғындарға бағдарламаның негізгі басымдықтарын түсіндірді. Арнайы топ солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыру туралы баяндап, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы 83% пайызға орындалды. Ерікті қоныс аудару аясында 2022 жылдан бері жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші тапшы өңірлерге 28 мыңға жуық адам қоныстанған. Ал кері қайту көрсеткіші 4 есе азайып отыр. Туған өлкеге қайта қоныс аудару 2019 жылы 53 мың адамнан 2024 жылы 13 мың адамға дейін азайған.
Мемлекеттік бағдарлама 2016 жылдан бастап қолға алынған. Қазіргі таңда еліміздің 7 облысына көші-қон ұйымдастыру бойынша квота бөлінген. Делегация мүшелерін тыңдаған тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Қызығушылық танытқандары мамандармен кеңесті.
Солтүстікке көшуге ниет білдіргендерге бірқатар жеңілдік қарастырылған. Олар баспанамен қаптылып, тұрақты жұмысқа орналастырылады. Сонымен қатар жеке кәсібін жүргізуге толықтай мүмкіндік бар.
Жиында Келестік жастар солтүстік Қазақстан облысының елдімекендері жайында сұрап қызығушылық танытты.