Шымкент қалалық Патрульдік полиция полкі мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп, «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғындарына бағытталған кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері мен жастар ұйымының өкілдері жол қозғалысына қатысушыларға жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратты. Аталған жадынамаларда жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелері, белгіленбеген жерден өтудің қаупі, сондай-ақ жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру міндеттері қамтылған. Шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Патрульдік полиция полк командирінің міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Аширбаев Тоқтарбек сөз сөйлеп, жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Айта кету керек, полиция мен қоғамның өзара іс-қимылы – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі.