Магистратураға түсу науқаны жүріп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, тестілеу басталғалы 22 мыңнан аса үміткер кешенді тест тапсырған. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 22%-ы шекті балл жинаған. Әзірге ең жоғары балл – 139-ды құрап отыр. Тестілеу старт алғалы 54 қатысушының нәтижесі жойылған.
32 азамат тестке смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан. Сол үшін де тәртіп бұзушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Басқа да себептермен ереже бұзған тағы 21 тұлға шеттетілген. Тестілеуге кіру барысында бөгде адамның өзге тұлға атынан емтихан тапсыруға әрекеттенгені анықталған. Айта кетейік, тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда үміткер онлайн-апелляцияға жүгіне алады. Ол үшін тестілеу аяқталған 30 минут ішінде бірден апелляцияға өтініш беруі қажет. Шағым жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Еске сала кетйік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан аса азамат өтімім білдірген. Енді олар мемлекет тарапынан берілетін 13 мыңнан аса грантты сарапқа салады. 21 шілдеде күні басталған тестілеу 7 тамызға дейін жалғасады.