МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны артқан. Шымкент қаласында бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 177 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік медициналық ұйымдар. Оның ішінде 68 мекеме МӘМС шеңберінде стоматологиялық қызмет түрлерін көрсетуде.


Қор тарапынан барлық маңызды шарттар ескеріле отырып, қаражат нақты медициналық қызметтерге сатып алу рәсімдері арқылы жүзеге асырылуда. Айтарлықтай қаржыландыру әсіресе амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша қажет етіледі. Сұранысқа жиі ие қызмет түрлері бұл - консультативтік-диагностикалық қызметтер мен қымбат тұратын КТ/МРТ, УЗИ сынды тексерулер.


ТАЙБЕК САДЫҚОВ, №1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сақтандыру жүйесі бойынша бізде толық қызмет көрсетілуде Оның ішінде атап өтетін болсақ ВТМО дейді жоғары технологиялық қызметтер. Биылға жоспар бойынша 66 квота бөлінген 40 нейрохирургиялық 7 трансплонтация бойынша бізде бүйрек трансплонтациясыда жасалады Қазір 260 қа дейін жасадық.


Жыл басынан бері медициналық ұйымдарда шымкенттіктерге МӘМС есебінен 3,5 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, қаржыландырудың қомақты бөлігі мамандандырылған стационарлық көмек көрсету және жоғары технологиялық операцияларға жұмсалады. Мәселен, кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 70 миллион теңгеге дейін жетеді. Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 1,8 млрд теңге қаражатқа 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілген


БАҚЫТЖАН АБДУЛЛАЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Скринингтердің қолжетімділігі Бұрындары сақтандырылмаған адамдар маңызды ауруларды анықтауға өте алмайтын болса қазір қазір сақтандырылған болсын сақтандырылмаған болсын тегін мед көмек көрсету шеңберінде


Бүгінгі таңда Шымкентте 1 029 888 адам, яғни халықтың 81 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде 700 мыңнан астам адам жеңілдік санатында, олардың жарнасын мемлекет төлейді. Алайда 234 146 азаматтың сақтандыру мәртебесі жоқ. Қор өз тарапынан халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.