Топырақ жол, шаң басқан көше. Бұған дейін шаһарға шалғай орналасқан елдімекен көшелерінің көрінісі осылай болатын. Енді қала билігі шеткі шағынаудандарға назар салып, жолдарды жөндеп жатыр. Мәселен биыл Абай ауданында 80 көшеге асфальт жабындысы төселген. Сондай-ақ батпақ көшелерге шағал тас төселіп тұрғындардың еркін жүріп тұруына жағдай жасалған.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
Достық шағынауданы мен Қайнарбұлақ саяжайын жалғайтын мынау Арайлытаң көшесінде қазіргітаңда жол жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. БҰл жерде мердігер мекеме асфальттың бірінші жабындысын төсеп жатыр. Жалпы Достық шағынауданында 11 көшеде 11 шақырымғажуық жол жөнделеді деп жоспарланғанболатын. Қазіргі таңда оның үшеуінде асфальттың бірінші жабындысы төселген.
Бекболат Тәттібайұлы Достық шағынауданына көшіп келгеніне 3 жыл болыпты. Бұған дейін жазда шаңы шығып, жауынды күні батпақ болатын көшеміз асфальтталып жатыр деп қуанышын жасырмады. Қария тұратын көшеде барлық инфрақұрылым желісі тартылған. Енді кәріз суды қосу ғана қалды деп отыр.
БЕКБОЛАТ ТӘТТІБАЙҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен көшіп келгенде бұл жерде асфальт жоқ еді. Мынандай балалар ойын алаңшасы жоқ еді. Мынау көше шамдары да жоқ болатын. Құдайға шүкір өкіметтің тірлігі жақсы. Бізге жарық қойып берді. Мынау енді бүгін жолтүсіп жатыр. Ауылымыз көркейіп жатыр. Жооғарыдағы басшыларға рахметімізді айтамыз. Тағы бір айтатын өтінішіміз мынау канализацияны ұлап берсе.Сол ғана қалды басқасының барлығы болды.
Шағынауандағы жол құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Онымен «Ізгі құрылыс» серіктестігі айналысып жатыр. Төселіп жатқан асфальттің ені 6 метр, болса, тротуардың ені 1 метр 20 сантиметр. Жол жұмысы тамыз айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланаған.
ШОҚАН ЖАУЖҮРЕКОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ
Мамыр айының ьасынан басталып жатыр. Тамыздың аяғына дейін берілген осмы жерде жұмыс жүргізу. Қазір мынау ішкі орам жұмыстары, бірінші жабындысы салынып жатыр. Құдай қаласа біткеннен кейн екінші жабындысын бастаймыз. Қазір бізге тротуар берілген және ені 6 метр, қалыңдығы 10 см етіп берілген. Бұл жерде оннан астам техника бар. Асфальт салудан бөлек қызмет істеп жатқан өзге де техникалар бар. 30 ға жуық жұмысшы бар.
Жалпы Абай ауданы бойынша 65 шақырымды құрайтын 80 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Оның басымы шеткі елдімекендерді қамтып отыр.
МИРАС СИВАНКУЛ, ЖОЛАУШАЛЫР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Шымкент қаласы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында басқарма тарапынан қарқынды жұмытар жүргізілуде. Қаланың ішкі магистралды көшелерінен бөлек шет аймақтағы тұрғыналабтармен шағынаудандарда бұрын соңды асфальт жабындысы болмаған көшелерге асфальттау жұмысы жоспарланған. Жалпы қала аумағында 1060 шақырымға жуық 850 көшені асфальттау ағымдағы жылдың жоспарына енгізілген.
Достық шағынаудандағы 11 көшге асфальт төсеу үшін қала бюджетінен 900 миллион теңгеге жуық қаржы қаралған. Айта кетейік 2024 жылы жол желісінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайыз болса, көрсеткішті биыл 90 пайызға жеткізу көзделіп отыр.