Биыл 670 жұмыссыз кәсіптік оқытудан өтіп, екі қолға бір күрек табады. Оқу барысы 3 айға созылады. Тегін білім алушыларға ай сайын шәкіртақы төленеді. Білім беру ұйымдарында оқитындар 43 мың 574 теңге, жұмыс орындарында білім алатындар 78 мың 640 теңге көлемінде стипендия алады.


 Былтыр 670 жұмыссыз кәсіптік оқытуға жолданған. Бірақ, оның тек 393-і оқуын аяқтап, сертифкат алған. Соның 348-і тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Мамандардың айтуынша, курсты аяқтағандарға жұмыс ұсынылады. Дегенмен жұмыссыздардың кейбірі мұнымен келіспей, бас тартады. Ал биыл оқитын 670 азаматқа 21 мамандық ұсынылған. Соның негізінде екі қолға бір күрек табуға құқылы. Өтінімдер Еңбек кз платформасында электронды негізде қабылданады.


ГУЛЬВИРА ДАУЖАНОВА, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 – «Жұмыссыздыққа тіркелу керек ең бірінші міндетті түрде. Жеке куәлігі, 075 медициналық анықтамасы, білімін растайтын құжаты болған жағдайда оның көшірмесі және электронды цифрлық қолтаңбасы.»


Ұсынылатын мамандықтардың дені қызмет көрсету мен өндіріс салаларына негізделген. Ниет білдірушілер дәнекерлеуші, шаштараз, тігін, аспаз, кондитер, сантехник сынды салаларға машығады. 3 айға созылатын оқу бағдарлмасының 1 айы теориялық дәрістен, қалған екі айы практикалық жаттығулардан тұрады.


Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс беруші әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмыссыздарды белгіленген мерзімге жұмыс орнына орналастырады:

кемінде 6 ай (оқу ұйымында оқу кезінде)

кемінде 12 ай (жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыған кезде)

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ

КСМ: Сарапшылардың айтуынша кәсіптік білім беру жұмыссыздар санын азайтып, еңбек күшін арттыруға оң серпін береді.