Туристік әлеуеттің артуына гид-экскурсовадтардың қосар үлесі ерек. Мегаполистің тарихын тереңнен қаузап, мәдени-тарихи музейлердің мүмкіндігін таныту экспозиямен таныстыратын маманға тікейлей байланысты. Сондықтан ең алдымен туристермен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру керек. Осындай бастаманы көтерген Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы арнайы семинар өткізді.


 3 күнге жалғасатын шараның алғашқы күнінде біліктілікті арттыру бойынша кездесу семинар ұйымдастырылды. Онда гид-экскурсоводтар үшін туризм саласының мамандары тәжірибесімен бөлісті. Іс-шарада жергілікті мамандар өз білімдері мен дағдыларын кеңейтіп, құнды тәжірибе алу мүмкіндіктеріне ие болды. Оларға шет елден келген мамандар дәріс өткізді.


ЕРЛАН ОМАРОВ, VISIT SHYMKENT ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз қатысушыларға шынайы сервистің не екенін, клиентпен қарым-қатынасты қалай дұрыс орнату керектігін үйретеміз.


Шырайлы Шымкент — бүгінде тек күншуақты қала емес, туризмнің жаңа тынысы ашылған аймаққа айналып келеді.Семинарда тек теория ғана емес, халықаралық деңгейдегі тәжірибе де ұсынылды. Бағдарламада — сервистік мінез-құлық, қиын клиенттермен жұмыс, маршрут құрастыру, тіпті туристік өнімді брендке айналдыру тақырыптары қамтылған.


Айта кетейік, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы жыл сайын оқыту семинар-тренингтерін өткізіп отырады. Биыл бесінші рет шымылдық түрген шара аясында 500-дей маман арнайы сертификатқа қол жеткізген. Олар тәжірибеде алған дағдыларын қонақ күту саласында қолдануда. Туризм – тек қызмет емес, елдің беделі. Ал сапалы сервис – соның кілті.