Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру-қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру. Осы бағытта өңірдегі арнайы оқу орындары қоғамға қажетті мамандар тәрбиелеу ісінде белсенді. Солардың бірі «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі. Білім нысаннындағы қызу тіршілікті тілші әңгімелейді.


 «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі 2006 жылы іргесі қаланып, алғашқы кезде «Болашақ» колледжі деп аталды. Колледж бүгіңгі таңда мемлекеттік гранттармен және ақылы жұмысшы мамандықтар, орта буын, орта білімнен кейінгі қолданбалы бакалавриат негізде білім береді. Мұнда шәкірттерді оқытып ғана қоймай олардың іс бастауына кепіл болады. Колледжде өндірістік орны ашылып, кондитер өнімін нарыққа шығарды.


АДАСЖАН ҒАНИЕВ, «ТҮРКІСТАН БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына сәйкес жәнеде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей қолдауымен колледж базасында аспазды біліктілігі бойынша цех ашып қазақстанда бірінші болып кондитерді нарыққа шығардық


 Оқу орнында ашық есік күні ұйымдастырылды. Талапкерлер білім нысанын аралап материалдық базасымен танысты. Колледжде студенттердің басым көпшілігі мемлекеттік грант негізінде тегін оқиды. Білім алушыларға күн сайын түскі тамақ тегін беріледі. Әсем жабдықталған 100 орындық асхана бар. Сондай-ақ колледждің 300 орындық акт залы, 582 шаршы метрлік спорт кешені шәкірттер игілігінде.


ЕРНҰР СРАЖАДИНҰЛЫ, ТАЛАПКЕР

«Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжін әлеуметтік желіден көріәп ұнап келіп отырмын. Маған бұл колледж өте қатты ұнады. Және мен сіздерді 9-11 бітірген оқушыларды сіздерді шақырам.


Колледжде білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңартылып отырады. Сонымен қатар, барлық мамандықтар бойынша, өндірістік тәжірибе мен дуалды оқыту жүйесі енгізілген. Бұл студенттің нақты жұмыс орнында тәжірибе жинақтауына септігін тигізеді.