Қазақстандық оқушылар Әзірбайжанның Баку қаласында өткен экономика олимпиадасында топ жарып, жүзден жүйрік танылды.


 Әлемнің 55 елінен 280 оқушы қатысқан халықаралық додада біздің өрендер 1 алтын, 2 күміс, 1 қола мелалін еншілеген. Айта кетейік, оқушыларының экономикалық және қаржылық сауаттылығын ұштауды көздейтін халықаралық олимпиада жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қатысушылар жеке және командалық турларда күрделі аналитикалық тапсырмаларды орындап, іскерлік ойындарға қатысады. Қаржылық жоспарлау мен экономикалық модельдеу саласындағы білімдерін көрсетеді. Қазақстан бұл беделді халықаралық жарысқа 2018 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 5 күміс және 17 қола медалдарын жеңіп алған.