Қазіргі уақытта елімізде халықтың 83 пайызы сақтандырылған. Алайда шамамен 3,3 миллион адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Мемлекет басшысы осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды тапсырған. Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс, деген еді. Енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлейтін болады.


 Сақтандыру жүйесінен түсетін қаржы медициналық мекемелердің ісін ілгерілетіп отыр. Солардың бірі №13 қалалық емхана. Бұл мекеменің құрал-жабдықтары да жаңарған. Қызметкерлер саны да артқан.


ЖІБЕК ТІЛЕНОВА, №13 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Емханамызда қазіргі таңда барлығы 350 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде орта буын дәрігерлер кіші буын қызметкерлер бар. Емхана штатында жоғары дәрежелі дәрігерлер бар. Емханамыз 7 бөлімшеден құралған. Бірінші және екінші тәжірибелік бөлім Ол жерде 16 аймақ қарастырыдлған.


НАҒИМА ӘЛІМБЕТОВА, ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР

2019 жылы МӘМС іске қосылғаннан кейін тегін медициналық көмектің кеплдігі шамамен 1 трлн теңге бөлінді 2024 жылға келетін болсақ көмекті қаржыландыруға 2,8 трлн теңгеден астам оның ішінде тегін медициналық көмек 1, 6 трлн өсті.


Қаланың қақ ортасында орналасқан Емхана 46 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Олардың 34 328 ересектер. 7762 жасөспірім болса балалар саны 3855. Мұнда келіп дертіне шипа тапқан тұрғындар емхананың сапалы қызметіне оң бағаларын беріп отыр.


МЫРЗАШ ШОҚЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Толық заманауй құралдармен қамтамасыз етілген физ лечениесін қабылдаймыз дневной стационар деген бар келіп жүрміз. Бәріміз ризамыз келушілердің пікірлері дұрыс.


Медициналық қызметтердің сапасын арттыру мен олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – қазіргі уақыттағы негізгі міндеттердің бірі. Саланың қаржыландыруын ұлғайту, сондай-ақ медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын бақылаудың жаңа тәсілдерін енгізу – халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін арттыруға ықпал етуде.Айта кетерлігі, МӘМС – бұл әлеуметтік жүйе, жинақтаушы емес. Сақтандырылған азамат жарна мөлшеріне қарамастан толық медициналық көмек алуға құқылы.