Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Семей қаласына жол тартты. Шығыс өңірге жөнелтілген керуенде балық өнімдері, картоп, көкөніс және басқа да дақылдар бар. Игі іс Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
Түркістан облысының ауылшаруашылық өнімдері Семей өңіріне жөнелтілді. 540 тонна болатын өнім ішінде көкөніс пен жеміс жидек бар. Өздеріңіз көріп тұрғандай менің артымдағы үлкен жүк көліктері ауылшаруашылық өнімдеріне лық толы. Олар 2-3 тамыз күні Семей қаласында өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде көпшілікке ұсынылатын болады. Ал мұндағы баға жауаптылардың айтуынша әдеттегі бағадан 15-20 теңгеге арзан болмақ.
Іс-шараға Қазығұрттық шаруалар да ат салысып отыр. Картоп, қызанақ, қияр, пияз тағы басқа көгөністерден бөлек жеміс-жидектерді жәрмеңкеге шығармақ. 540 тонна өнімнің 10 тоннаға жуығы осы өңірдің шаруаларінікі. Диқандар бұған дейін еліміздің өзге қалаларында өткен жәрмеңкеге қатысып келген.
АСҚАР АҚЖОЛОВ, ЖАҢАБАЗАР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Облыс басшылығы белгілеп берген қалаларға барамыз. Біз әрдайым шығып тұрамыз. Бұл жолы Семей қааласы болып тұр. Астанағада, Алматы қаласына да барып жатырмыз. Қай қалаға бізге тапсырма түседі сол қалаға шаруашылық өнімдерін алып барып саудалаймыз. Қазығұрт ауданында биылғы құрғақшылыққа қарамай жаман емес. Өнімдердің барлығы жақсы. Көбі суармалы жерлерде өседі. Сурамалы жерлеріміз де бар. Сол жерде өндірілген өнімдер бұл. Ауа райына бағынсты емес, жаңа технологиямен, басқада жаңа әдістермен ондәрәп жатқаннан кейін өнімділігі де барлығы дұрыс деп ойлаймын.
Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі 2-3 тамыз күні өтеді деп жоспарланған. Бұл Түркістан облысы мен Абай облысы әкімдіктерінің өз ара ынтымақтастық келісімі аясында және ғұлама Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жалпы Түркістан облысы ауылшаруашылық дақылдарын өндіруден көш басында келеді. Еліміз бойынша өнімнің 13 пайызы облысқа тиесілі.
ЕРМҰХАММЕД ҚҰРАЛБЕКОВ, ТО АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алты айдың қорытындысымен 253,9 млрд құрайтын ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, индекс 104,7 пайызды құрады. ҚАңтар маусым айларында 81,2 млрд теңге негізгі капиталға тартып тиісті кезеңмен 1,4 есе, тамақ өндірісіне 21,5 млрд тартылып тиісті кезеңмен 1,9 есеге артты. Жалпы облыста ауылшаруашылық өнімдері 17 мың гектарға артығымен орналастырылып 890 мың гектар жерге орналастырылды. Жалпы картоп, көкініс бақша дақылдары алдынала есеп бойынша 3,3 млн тонна жинау жоспарланып, қазіргі таңда 1,3 млн тонна бақша картоп дақылдары жиналқатлып 40 пайызға орындалды.
Семейдегі жәрмеңкеде Түркістан облысының өнерпаздары қала тұрғындары мен конақтарына Түркістан облысының мәдени күндері атты концерттік мәдени іс-шарасын дайындап отыр. Өнерпаздар екі күн бойы сахнаны әнмен әуелеп, би билейтін болады.