Биыл 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл шамамен 300 мың балаға заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді. Кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізіледі.
Сондай-ақ 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды. 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толыққан. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, былтыр 2 мыңға жуық мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Бұл — мектеп кітапханаларын балалар үшін шынайы білім мен қарым-қатынас орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам, - дейді мамандар.