Жыл басынан бері 6 мың 755 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша: көшіп келушілердің басым бөлімі Қытай Халық республикасынан келген. Ал 41,7 % – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,8% – Монғолиядан, 2,4% – Ресейден және 2,6% – басқа да елдерден қоныс аударған.


ҚАНДАСТАР КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕР:

ҚХР - 45,1%

ӨЗБЕКСТАН - 41,7 %

ТҮРКМЕНСТАН - 5,4%

МОНҒОЛИЯ - 2,8%

РЕСЕЙ - 2,4%

БАСҚА ДА ЕЛДЕРДЕН - 2,6%


Олардың 59,8% еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Ал кәмілеттік жасқа толмаған балалардың үлесі 31%-ды, зейнеткерлер 9,2%-ды құрайды. Қандастардың 16%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білім алған. Ал 54,6%-ы жалпы орта білімді азаматтар болса, 2,3%-ының арнайы білімі жоқ. Қандастардың басым бөлігі еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан өңірлерге жіберілген. Аталған аймақтарға қоныс аударған азаматтарға көшу үшін арнайы субсидия бөлінген. Отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК, яғни 275 мың теңге төленеді. Сондай-ақ тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК көмек көрсетіледі. Министрлік ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері 188 көшіп келуші тұрақты жұмысқа орналастырылған. Айта кетейік, жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 155 мыңға жуық этникалық қазақ қоныс аударған.