Республика күнінің тарихына үңіліп, мәні мен маңызы туралы білдік. Бұл - елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі. Ал қала тұрғындары ұлттық мереке жайлы не дейді?


- Республика күнін ерекше атауымыз керек.Өйткені, мемлекетіміздің рәміздері, Әнұраны, Елтаңбасы деген сияқты.Ал тәуелсіздік күні қаншама ұлттар автономия болып өзінің тәуелсіздігіне жете алмай жатыр.Сондықтан бұл біздің қазақ үшін өте маңызды мереке деп санаймын.


- Республика күнінің алдағы 35 жылдығын тойлаймыз, Құдай қаласа.Бұл мерекеде барлығымыз немерелерімізге түсіндіре отырып, қаланы аралатып, қандай жағдайлар болды, қалай осы күнге жеттік, сол туралы түсіндіріп отырамыз.


- Бастапқыда үйрене алмай, біраз қиналып, әбден СССР-дің артынан жүріп үйреніп қалғанбыз, «неге бұлай бөліндік?» деп түсінбей, қате ойларда жүрдік.Кейін келе түсініп, өзіміздің қазақ елі даму керек, ары қарай өсу керек екен.Ұрпағымызға бұл қажет екен.


- Республика күні-өте маңызды күн, тарихи күн.Көбісі бізде қабылданған тәуелсіздік күнімен шатастырып жатады.Ал республика күні-ұлттық күн.