Шымкенттік полицейлер дрон арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр. Қалалық полиция департаменті жаңа заманауи дрондармен толыққан. Құрылғылар түнгі уақытта тиімді патруль жүргізуге арналған. Олар қуатты жарық шамдарымен, түнгі түсірілім камераларымен, дауыс зорайтқыштарымен жабдықталған.

Қаланың қараңғы аумақтарын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған технологиялар құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, алдын алуға көмектеседі. Қолданыстағы құрылғылар тиімділік танытып үлгерген. Соңғы 5 күн ішінде олардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудан бастап, қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылықтарға дейінгі 50-ден аса жағдай анықталған. Сонымен қатар дрондар құқық бұзушының көлігін қашықтан бақылап, экипаж жеткенге дейін оның қозғалыс бағытын қадағалай алады. Мұндай инновациялық жүйелер түнгі бақылауды күшейтіп, полицияның жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді