Шымкенттің Астана алаңында жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Салтанатты жиынға мыңдаған қала тұрғындары қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Шырша жағу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, қала халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Бұл кеште Астана алаңы шынайы мерекелік кеңістікке айналып, қала тұрғындарының жиналатын басты орталығына айналды. Керемет иллюминация, үйлестірілген тақырыптық безендіру мен мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы алаңды ертегі атмосферасына бөлейді. Кішкентай қонақтарға аттракциондар дайындалып, аумақта 80-нен астам шырша безендірілді. Осылайша қысқы мерекенің әсері айқын сезілді.
ЛАУРА НҰРМҰРАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өте керемет шырша, қандай тамаша концерт болып жатыр. Өте қуаныштымыз. Қаламыз көркейіп келеді.
СЕРІК ИБРАГИМОВ, ӘНШІ
Шымкент – бәріміз үшін ерекше қала. Ерекше эмоция алып жатырмыз.
Шара барысында бас шыршаның шамы салтанатты түрде жағылып, алаң ерекше безендірілген жарықтармен көмкерілді. Мерекелік кеш қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа жылдық әсер сыйлап, қыстың сиқырлы кешін есте қаларлық сәтке айналдырды.
АЙЫМ НҰРМАХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Маған шырша ұнады. Оның қасында көңілдіміз. Концерт қызықты өтіп жатыр.
МИРАС ИСАТБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Шымкент – ең көрікті қала. Қызықты концерт өтіп жатыр.
Бұл символдық шара жыл сайын мегаполис тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, қуанышқа, жылулыққа және Жаңа жыл қарсаңындағы ерекше көңіл-күйге бөлейді.