Түркістан облысында насыбай өндіретін заңсыз цехтың жолы кесілді. Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайынан насыбай өндіретін цехты анықтаған.
Яғни егде жастағы ер адамның ауласындағы сарайынан 2000 келі болатын 40 қап насыбай өнімі мен оны дайындайтын құрылғылар табылды. Қазіргі таңда аталған дерек тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Елімізде насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екені айтылып, құқық қорғау органдары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді.