Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековпен кездесті. Басқосуда мекеме тарапынан келісімшарт талаптарында көрсетілген ағаш отырғызу және оларды күтіп-баптау, орман қорына өткізу жұмыстарының орындалу барысы қаралды.


Түркістан облысы әкімдігімен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы акционерлік қоғамына қарасты серіктестіктерге уран өндіру мақсатында жалпы көлемі 40 мың гектардан аса жер уақытша пайдалануға берілген. Сонымен қатар Түркістан қаласы айналасында «Жасыл белдеу құру» жобасы аясында 8 мың гектар аумақта ағаш отырғызуға келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар қолға алынған. Кездесу барысында отырғызылған ағаштарды қабылдап алу және оларды орман қорына өткізуді жеделдетіп аяқтау қажеттілігі айтылды.