Енді есепшотыңызға қатарынан үш ай бойы 100-ден астам аударым түссе және қаражаттың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, мониторингке ілінесіз. Күмәнді деп танылған шот иелеріне салық органдары 15 сәуірден бастап хабарлама жолдайды.
Бұл шаралар жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған. Сәуірге дейін екінші деңгейдегі банктер қажетті мәліметтерді жинақтайды. Алайда туыстар арасындағы қаражат аударымдары есепке алынбайды. Егер жеке тұлға табысын көрсетпей, кәсіпкерлікпен айналысса, айыппұл арқалайды. Ал айыппұл көлемі 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі мүмкін.