Робототехника – балаларды еңбекке баулудың заманауи жолы. Бұл ғылым саласы баланың шығармашылық қабілетін арттырып логикалық ойлау, технологиялық сауаттылық сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырады. Робототехника арқылы балалар тек техникалық білім алып қана қоймай, болашақта өз мамандығын табуға үлкен қадам жасайды. Осы бағытта шәкір тәрбиелеп, балалар санасына робототехника саласын сіңдіріп, еңбекке баулып жүрген маманның біоі Нүрсұлтан Әмірханұлы.
Робототехника – балалардың ой қиялын шыңдап, оларға үлкен мүмкіндіктер сыйлайтын болашақ технологясы. № 2 Шымкент қалалық оқушылар сарайынан ашылған робототехника үйірмесін Нұрсұлтан өз идеясымен ерекше стильде, ұғынықты форматта дамытып, балалардың қабілетін ашуда.
Роботтар құрастыру балаларға ғылым,инженерия және бағадарламалауды қызықты түрде үйретудің тамаша әдісі.Олар тек құрылығылар жасауды емес, сонымен бірге командалық жұмысқа, тапсырмаларды шешуге және өз идеяларын жүзеге асыруға үйренеді. Ұстаз бен шәкірт бірлесіп тың дүниені жарыққа шығарады.