Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және қолдау бағытындағы мемлекеттік шаралар жыл сайын жетілдіріліп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қала аумағында 42 479 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның ішінде 8 275-і – 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.


Мүгедектігі бар азаматтарды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі – әлеуметтік қызметтер порталы. Бұл цифрлық платформа арқылы азаматтар қажетті техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өз бетінше тапсырыс бере алады. Жүйенің қолжетімділігін арттыру мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылып, мұнда білікті мамандар тарапынан кеңес пен көмек көрсетіледі.


 2025 жылдың басынан бері оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес барлығы 41 788 өтініш қабылданып, оның 72,2 пайызы немесе 30 167 өтініш қанағаттандырылды.


 Әлеуметтік қызметтер жүйесін цифрландыру – азаматтардың қажеттіліктерін дер кезінде, ашық әрі ыңғайлы түрде қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.


Шымкент қалалық халықты әлеуметтік қорғау департменті тарапынан Шымкенттегі мемлекеттік мекемелердің м.мкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу шаралары әлі де ақсап келеді.  Айталық, 277 нысанның 20 пайызында пандустар мен мүгедектерге арналған жүру аймақтары толық талвапқа сай келмейді.


Шахарда мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны былтырғымен салыстырғанда 1351-ге артқан. Мұның себебін мамандар халық санынының артуымен түсіндіреді.