Шымкентте іссапармен жүрген Сенат депутаттары шаһардағы ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Кезекті басқосу Ball Carpet кілем фабрикасында өтті. Ел нарығын отандық сапалы тоқыма төсеніштермен қамтып отырған мекемеде бүгінде 300-ге тарта адам жұмыс істейді.


Ball Carpet кілем фабрикасының ұжымы наурызда өтетін референдумға сақадай сай. Мамандар сенаторлармен тілдесіп, жаңа Конституциядағы өзгерістермен танысты.


Жаңа Конституцияда еңбек адамдарына көптеп көңіл бөлінген. Жұмысшы мамандардың өндірістегі құқығын қорғау саласында да бірқатар өзгерістер бар.


«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы 2013 жылдың қазан айында іске қосылған. Өндірілген өнімдердің жоғары сапасы мен тиімді бағасы, алуан түрлі дизайн үлгілерінің топтамаларының арқасында 2014 жылы «Халық тұтынатын ең үздік тауар» аталымы бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталған.