Шымкенттік Бейісбековтер отбасы – қазақтың ұлттық қолөнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан шеберлер әулеті. Олардың қолөнерге деген махаббаты, еңбегі мен шығармашылығы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға бағытталған. Әулеттің әр мүшесі қазақтың ұлттық нақышын дәріптеп, халықтық өнерді заманауи өмірге бейімдеу арқылы еліміздің рухани байлығын молайтуда.


Бейісбеков Болатбек Бектасұлы шығармашылық жетістіктерінің арқасында Түркіменстан,Казань,Турция,Ташкент,Германия,Қытайда өткен Дүниежүзілік қолөнер шеберлерінің 50 жылдық мерейтойына да қатысты.Үндістан ,Вьетнамда және алыс жақын шетелдерде көрме,симпозиумдарда белсенділік танытып қазақ қолөнеріне насихаттауда.Жары Айдарбекова Күләш Өсерқызы да қолөнердің құндылығын қарыштатып келеді.Өнерлі отбасында 6 баланы тәрбиелеген алтын құрсақты ана мен ардақты әкенің 4 баласы өнер жолын таңдап,бүгінде қазақ өнерінің жанашырына айналған жандар.


Бейісбековтер отбасының қолөнермен айналысуы қарапайым қызығушылықтан басталмаған. Олар үшін бұл – ұлттық болмыс пен мәдениетті сақтау жолындағы асқан жауапкершілік. Әулеттің әрбір бұйымы шебер қолдардың ізімен ға на емес, қазақтың терең тарихымен, ұлттық құндылықтарымен тығыз байланысты.Жанұяның мақсаты мақсаты біреу ғана – ұлттық құндылықты ұлықтап,мәнін арттыру


Бейісбековтер отбасында 7 адам суретшілер одағының мүшесі.Оның бесеуі есеуі қолөнершілер одағына кіреді.Олар сурет салады,түскиіз тоқиды.Киізден кілем,киім,былғарыдан бұйым жасайды.Өнерлі әулеттің отағасы Болатбек Бейісбеков сурет өнерінің хас шебері. Әулетінде оған дейін суретші болмады. Бірақ,әкесі Бектас өмір бойы теміржолшы болса да ұлын сурет өнеріне баулып өсірген


Болатбек Бейісбеков Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде оқыған. Сол жерде жан-жары Күләш Айдарбековамен танысып бірін-бірі ұнатқан екі жас 1980 жылы отау құрады.