Бүгін «ЕвроКристал» зауытында жаңа Конституция жобасының таныстырылымы өтті. Басқосу барысында қатысушылар құжаттың негізгі ережелерімен танысып, мазмұнын талқылады.
Жаңа Конституция қоғамның сұранысы мен заман талабына сай әзірленген. Жоба ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді көздейді. Жаңа Ата заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты көрсетілген. Құжат құрылымы бойынша кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Жиынға қатысушылар Ата заңның мазмұны мен мәніне тоқталды. Жаңа жобаға енгізілген өзгерістермен танысып, өзара талқыға салды.
ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ, М.А.
Конституцияға өзгерістер ел тұрғындары үшін жасалып жатыр. Қазіргі қолданыстағы Ата заң қабылданғалы біршама уақыт өтті. Жаңа заң жобасы елге пайдасын тигізеді деп ойлаймын.