Әр суретші өз өмірінде өнердің биік шыңдарын бағындырып, туындыларында өзінің жан-дүниесін, ішкі сезімдері мен көзқарастарын бейнелейдіБүгінгі кейіпкерміз қылқалам шебері Әбдімүтәліп Ахметов
Суретшілер жергілікті мәдениетті, ұлттық дәстүрлерді және тарихты өнер арқылы сақтайды және дамытады. Олар өз туындылары арқылы қала тұрғындарына ұлттық құндылықтарды жеткізіп, олардың мәдениеттің дамуына қызығушылығын арттырады. Бұл қоғамның рухани байлығын арттырып, болашақ ұрпаққа мәдени мұра қалдыруға мүмкіндік береді.
Әбдімүтәліп Ахметовтың музасы,өмірлік серігі Сәуле Ахметова да шығармашылықтың адамы. Ол гобилень тоқу шебері,түрлі композициялардың авторы. Бір шаңырақ астындағы шығармашылық,ынтымақтастық.Олар өне бойы адал еңбек етіп,масылдықтан ада болуды өмірлік ұраны еткен.Бұл отбасыда суретшілердің арасындағы шығармашылық үндестік,түсіністік және ортақ мақсат,ортақ мүдде бар. Мұндай отбасы – өнердегі үйлесім мен бірліктің жарқын мысалы.
Иә,суретшілердің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін пайдасы әртүрлі қырлардан көрінеді. Өнер тек мәдени құндылық қана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттырып, экономикалық өсімге де әсер етеді.Әбдімүтәліп Ахметовтің де қаланың дамып көрсеюіне қосқан үлесі зор.