Ұлттық құндылықты ұлықтап,төл дәстүрді дәріптеп,ұрпақ санасына қара домбырамен, қазақы тәрбиені сіңіріп ұстаздық етіп жүрген дәстүрлі әнші,ұстаз Перизат Әшірбекова.


Адам баласының ғұмырдариясындағы жетісітікке жету жолында айналасының әсіресе, отбасының қолдауы аса маңызды екені белгілі. Әр шаңырақ иесі бір-біріне құрметпен қарап,қалауы мен таңдауын сыйласа босағаның берік,керегенің кең болары сөзсіз.Кейіпкеріміз көрегенді әулетке құтты келін болғанын қуана жеткізді.


Домбыраның бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Қазақтың ұлттық аспабы ретінде домбыра халқымыздың мәдениетін,салт-дәстүрін,рухани құндылықтарын жеткізуші құрал ғана емес,балаларға адамгершілік,патриоттық,эстетикалық тәрбие берудің маңызды бөлігі болып саналады. Домбыра арқылы бала музыкалық білім алып қана қоймай,халқымыздың тарихын,ерлік дәстүрлерін бойына сіңіреді,-дейді ұстаз.


Адал нан табу,арлы адамның ісі дегендей, Перизат та алдына келген әр балаға масылдықтан сақтанып,маңдай термен еңбек етуді насихаттауды...