Шымкентте туризмнің дамуына қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының" тигізіп отқан пайдасы мол. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» Шымкент қаласы мегополис статусы алуына байланысты жеке дара 2021 жылда құрылған болатын. Бүгінгі арнайы шығарылымның кезекті кейіпкері осы орталықтың қызметкері – Ақпараттандыру және жобалалу бөлімінің басшысы Гүлнар Кенжетайқызы Бекмұратова.
«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ішкі туризмді дамыту мен бірге Шымкент қаласы бойынша туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етеді, туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетингін ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады.
«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» «бір терезе» қағидатымен бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, олармен туристік маршруттарды бірлесе жасайды. Соның ішінде Ақпараттандыру және жобалалу бөлімінің қызметі күрделі. Себебі келген туристке ақпарат беріп, мәлімет жеткізуде сауатты әрі қырағы болу керек, - деді біздің кейіпкер. Сонымен бірге ол туризм маманы болудың артықшылығын да атап берді.