Төтенше жағдайлар қызметкерлері – қоғамның қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқаратын адамдар. Олардың жұмысы әрдайым қауіпті жағдайлармен, төтенше оқиғалармен және қиындықтармен байланысты. Олар табиғи апаттар, өрттер, техногендік апаттар және басқа да төтенше жағдайларда жедел әрекет етіп, адамдарды құтқарып, апаттың салдарын жоюға атсалысады.
Төтенше жағдайлар департаментіндегі аса жауапты мамандық иесі – диспетчер.Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчері – бұл қызмет қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Диспетчерлер апатты жағдайларда жедел және дұрыс шешім қабылдайтын мамандар, олардың жұмысындағы басты міндет – шұғыл шақыртуларды қабылдап, қажетті көмек көрсету үшін тиісті қызметтерді дереу хабарландыру. Осы бағытта еңселі еңбек етіп келжатқан келесі мамандық иесі Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға диспетчері,азаматтық қорау капитаны Есалиев Нұржан Талғатұлы
Диспетчерлердің жұмысы қауырт әрі жауапкершілігі мол. Төтенше жағдайлар орын алғанда, уақыт – ең құнды ресурс. Әр секунд маңызды, сондықтан диспетчерлер тез әрекет етіп, келіп түскен ақпаратты нақты әрі дәл түсінуі қажет. Олар қоңырау шалушының жағдайын тыңдап, оқиғаның орнын, сипатын және көлемін анықтайды. Бұл ақпарат негізінде диспетчерлер тиісті қызметтерді – өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды апат орнына бағыттайды.
Өрт сөндіруші – бұл батылдық пен ерлікке толы мамандық. Өрт сөндірушілердің жұмысы әрқашан үлкен жауапкершілікті, қауіп-қатерге төтеп беруді және физикалық әрі психологиялық дайындықты талап етеді. Олардың басты міндеті – адамдарды құтқару, өртті сөндіру және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Өрт сөндірушілердің жұмысы кез келген уақытта қауіпті, себебі олар тек өртті сөндіріп қана қоймай, адамдарды өрт аумағынан қауіпсіз жерге көшірумен, улы түтін мен құлаған құрылымдардан құтқарумен айналысады. Өрт кезінде адамдарды аман алып қалу үшін әр секунд маңызды, сондықтан өрт сөндірушілер әрдайым тез әрі кәсіби түрде әрекет етеді.
Бұл мамандықта физикалық дайындық үлкен рөл атқарады. Өрт сөндірушілер ауыр жабдықтарды киіп, жоғары температурада, түтін ішінде жұмыс істеуге мәжбүр. Оларға ұзақ уақыт бойы төзімділік танытып, қиын жағдайлардан дұрыс шешім қабылдай білу керек. Сондай-ақ олар қауіпті аймақтарда жұмыс істеуді үйренген, бұл олардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Ғалымжан Дүйсенов – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару бөлімшесінің басшысы,құтқарушы