Еңбек терапиясы – тек қана жұмыс емес, жан мен тәннің сауығуына жол ашатын ерекше сала. Еңбек нұсқаушы қызметкері осы маңызды үдерістің жүрегі болып табылады. Ол әрбір қызмет алушының қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың бойындағы дарындарын ашуға, өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді.


Еңбек нұсқаушысы – адамдардың жүрегіне үміт пен сенім сыйлап, олардың өміріне жаңа реңк енгізетін маман. Оның әрбір өткізген терапия сабағы – жаңа ғұмырлық белес, жаңа жетістіктердің бастамасы.
 

Еңбек нұсқаушысы – бұл тек мамандық емес, жүрек қалауы. Ол адамдарды шабыттандыры  өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектесетін тұлға.