Түркістан облысының тұрғыны түнгі уақытта азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарына заңсыз кіріп, кассадағы ақша мен ұялы телефондарды қолды еткен. Белгілі болғандай, ол Шымкент қаласы аумағында осыған ұқсас тағы 10 құқық бұзушылық жасаған.


Келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгеден асады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары ұрылардың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйелерін орнату, дабыл қондырғыларын пайдалану және сенімді құлыптау тетіктерін қолдану қажеттігін ұсынады.