Ғабит Сыздықбеков ірі қара мал өсіру мен бордақылауға маманданған «Нұрәлі» шаруа қожалығына барды. Кәсіпорынның жылдық ет өндіру көлемі 580 тоннадан асады. Жобалық қуаттылығы 2000 басқа дейін ірі қара ұстауға есептелген. Өзіндік жемшөп базасының болуы өндіріс үдерісінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өнім сапасының жоғары болуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Эгамназаров» ЖК-нің сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты. Шаруашылық 1200 бас ірі қараға лайықталған. Жыл сайын 4300 тонна сүт өндіру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ ет және сүт бағыттарын нығайту, өндірісті одан әрі кеңейтуге жәрдемдесу жөнінде нақты тапсырма берілді. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Аралау соңында «Қиял әлемі» және «Кең Баба» саябақтарын қайта жаңғырту жобаларымен танысты. Атап айтқанда, жобаларды жүзеге асыру «Кең Баба» аумағын жаңартып, жапон бағы тұжырымдамасына сай заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал «Қиял әлемі» халықтың заманауи тартылыс нүктесіне айналмақ. Тұрғындар мен қала қонақтарының сұранысына сай жайлы әрі қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылады.