Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Азаматтарды жеке қабылдауда жалпы әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұл жолы 16 тұрғынның жеке мәселесі қаралды.
Мәселесімен келгендердің бірі Ұлжан Сабазова. Оның жары Жомарт Сәрсенбеков төтенше жағдайлар департаментінде құтқарушы болып қызмет еткен. 2016 жылы құзда қалып қойған туристі құтқарамын деп өзі мерт болған. Енді марқұмның жұбайы қаладағы атауы жоқ көшелердің біріне қызмет бабында қаза тапқан күйеуінің есімі берілсе деген өтінішімен келіпті.
ҰЛЖАН САБАЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Жолдасым 2016 жылы туристі құтқарамын деп қайтыс болды. Мәслихаттың мәселесіне келіп ол кісінің есімін көше атына берілуін сұранып келдім. Қазір жақсы хабар алып шықтым. Қараймыз деді. Беріледі деген үміттемін.
Ал Бегалы Ақберген хайуатнаттар саябағында саудамен айналысып келген. Қазіргі таңда кәсібі тоқтап тұр. Себебі бұрынғы дүңгіршегі сүріліп, орнына жаңасы қойлады. Бірақ оны аукцион арқылы сатып алу шарт.
БЕГАЛЫ АҚБЕРГЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Ол жеде жұмыс істегеніме 4 жылдай болды. Нәпахамды тауып жүрген едім. Ары қарай соны жалғастырсам деген ойым бар. Кішкене көмек болса ардагерлерге. Ары қарай соны жалғастырсам ба деп отырмын.
СҮЛЕЙМЕН ҚАМБАРОВ «ӘДІЛЕТ АҚПАРАТ» МҮГЕДЕКТЕР, КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұрынғы ескі орнын қазіргі таңда аукцион арқылы ұтып алсаңыздар кәсібіңізді ары қарай дөңгелетесіз деген мәселе болып тұр. ҚАзір мәселеміз толығымен шешілген жоқ. Бірақ қолымыздан келгенше көмек тесеміз деді. Мәселе бітпесе тағыда келсеңіздер болады деді.
Азаматтарды қабылдаған қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов 16 адамның жеке мәселесін тыңдады. Тұрғындар дәрі-дәрмек, емханаларда көрсетілетін тегін көмек түрі мен баспана мәселесін айта келген.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қоғамдық қабылдау ол қағамдағы мәселелердің бір барометрі деп айтуға болады. Халық қандай мәселені көбірек көтеріп жатыр, қандай мәселе әкімдіктің назарынан тыс қалып жатыр, қандай мәселелерге наразылық бар екені осының барлығы осы қоғамдық қабылдауда белгілі болады. Себебі бұл ай сайын өтіп тұрғаннан кейін оның динамикасын мониторинг етіп қарап тұруға болады.
Қалалық мәслихатының төрағасы барлық азаматтың мәселесін тыңдап, маңыздысын қойын дәптеріне түртіп алды. Айтылған әр-бір өтініш пен ұсыныстың заңдылығы тексеріліп, шешу жолы қарастырылатын болады.