Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданының тұрғынымен кездесті. Тұрғын бұған дейін өткен көшпелі кездесуде Сайрам ауданы әкімдігі ұсынған тұрғын үйді заңдастыру мәселесін көтерген болатын. Шаһар басшысы тұрғын үй басқармасына құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеуге қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданында кондитерлік өнім өндіруге маманданған Sofiya sweet жеке кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның өндірістік цехтарында 120 адам еңбек етеді. Мұнда кондитерлік өнімдердің кең ассортименті шығарылады. Компания басшылығымен өндірісті одан әрі кеңейту және қосымша жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына кәсіпорынға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігін қарастыруды тапсырылды. Сонымен қатар, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион аумағында орналасқан қонақ үйдің күрделі жөндеу барысын тексерді. Жөндеу аяқталғаннан кейін нысан қалада өтетін республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылар мен ресми делегацияларды орналастыру үшін пайдаланылады. Жауапты тұлғаларға жайлы тұру жағдайын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Бұдан бөлек Абай ауданындағы Қызылжар шағынауданында Қос Диірмен каналы арқылы өтетін апатты жағдайда тұрған көпірдің жай-күйімен танысты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына көпірді қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды қысқа мерзімде жүргізуді тапсырды.