8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Қызғалдақ» сарайында мерекелік концерт өтті. Эстрада жұлдыздары ән шырқап, мәдениет қызметкерлері сахналық қойылымдар көрсетті.
Кеш тарихтан сыр шертумен басталды. Ару-аналардың өрлігі мен ерлігін еске алу барысында Томиристің батыр мінезі, Домалақ ананың даналығы арқылы қазақ әйелінің дара болмысы айшықталды. Мәдениет қызметкерлері өнер көрсетіп, ақ жаулықты аналар мен қызғалдақтай құлпырған ару қыздарға арнап ән шырқады.
ЗИНАГҮЛ ЖҰМАШҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Шоқ гүлдерін залға келгенде қолымызға ұстатып құттықтап жатыр.» «Өзім әже болсам да, өз анамды есіме алып, қуанып тұрмын. Рақмет барлығына!»
2 мың адамға лайықталған «Қызғалдақ» сарайында орын жоқ болды. Нәзік жандылар мерекелік бағдарламаны ұйып тамашалады. Солардың бірі – 21 жылдан бері ел қауіпсіздігін күзеткен әскери қызметкер Динара Түгеншева. Ол шабуылдаушы батальонға психологиялық көмек көрсетеді.
ДИНАРА АЛДУГАРОВА, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР
– «Өте керемет кеш өтіп жатыр. Рақмет!» «Әскери бөлімде жігіттер қалай құттықтады сіздерді?» «Оркестрмен, гүл шоқтарымен құттықтады!»
Кеш барысында лирикалық сазды әуендерден бөлек, көңілді әндер де шырқалды. Келушілер өнерпаздарға алғыс айтып, құрмет көрсетті.