Ө.Жәнібеков университетінде тарихшы, педогогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қапира Садуақасова атындағы оқу кабинеті ашылды. Заманауи құрал-жабдықпен толыққан білім бөлмесінде енді болашақ тарихшылар білім алады.

 1926 жылы туған ұстаз университет қабырғасында 50 жылдан аса қызмет істеді. 96 жасына дейін ғылымнан қол үзбей, шәкірт тәрбиелеуді жалғастырды.

САЛТАНАТ ТІЛЕУКЕЙОВА, Қ. САДУАҚАСОВАНЫҢ ҚЫЗЫ
 "Анамның денсаулығы жақсы. Биыл 100 жасқа толады. Әлі күнге дейін ақылын айтып, білгенімен бөлісіп отырады. Қартайдым қажыған жоқ. 96 жасына дейін студенттерге дәріс оқып, онлайн сабақ өтті."

Саналы студентке сапалы білім берген маман 1000-нан аса шәкірт тәрбиеледі. Ғылыми еңбектің түр-түрін жазып, педогогика саласыда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Шәкірттері ұстаздың ұстанымы берік, жауапкершілігі жоғары болғанын айтады.

АРМАН ОРЫНБЕКОВ, №90 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ, Қ. САДУАҚАСОВАНЫҢ ШӘКІРТІ
– «Апайдың сабақ беру әдіс-тәсілдері ерекше еді.» «Студенттерге деген қарым-қатынасы, сабақты түсіндіру ерекше болатын.»

Дәрісхана заманауи құрал-жабдықтармен толыққан. Тарихи көрнекіліктер мен мультимедиялық лед экран бар. Үстел-орындықтары да жаңа. Кабинетті ашуға  Қапира Садуақасованың шәкірті, облыстық маслихат депутаты – Мағауия Тұрысбеков демеушілік жасап, мұрындық болған.

 ӘЛІБЕК НҰРТАЕВ , Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
– «Облысымызға белгілі азамат, университетіміздің түлегі демеушілік жасады. Ол кісінің әкесі де бізде оқыған. Осы кабинетті жасақтап берді.» «Соңғы үлгіде жабдықталған дәрісхана.»

Жиын барысында мерейтой иесінің шәкірттері ұлағатты ұстаз жайында пікір айтып, есті естеліктерімен бөлісті. Ақындар арнау айтып, тұлғаның есіл еңбегін ұлықтады.