Шымкентте апта сайын үй кезегіндегі азаматтарға пәтер кілті беріліп жатыр. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тағыда 30 Шымкенттік тұрғынға су жаңа пәтер кілтін табыстады. Жаңа үйлер Асар-2, Тұран-2 шағынауданында орналасқан.
Фируза Гатоуллинаның үй кезегіне тіркелгеніне 10 жыл болыпты. 3 балалы жалғызбасты анаға Тұран шағынауданынан 3 бөлмелі пәтер бұйырды. Жаңа пәтердің кілтін қолына алған ол көңілі жайланғанын айтып қуанышымен бөлісті.
ФИРУЗА ГАТОУЛЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2016 жылы мүгедектігі бар баламен кезекке тұрғанмын. Бағана смс келді бізге. Смс келгенде сенген жоқпын. ҚАзір түрлі жағдай бар ғой. Маған кабинетке кіріп растайсыз деді. Соны бағана растап барлығын істеп кілтті алуға келдік бүгін.
Ал, күні бүгінге дейін пәтер жалдап келген Баян Қосбармақова енді Асар-2 шағынауданына көшеді. Себебі ол қала әкімінің қолынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін алғандардың бірі.
БАЯН ҚОСБАРМАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
10 жылданббері үй кезегінде тұрып пәтерлі борлдым. Өте қуаныштымын, бүгін үй алып жатқандарға барлығын құттықтаймын. 3 бөлмелі 4 қабаттан Асар шағынауданынан алып жатырмын. Қуанышты күндер бола берсін, жақсы шаңырақұ болсын!
Пәтерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұрғындарға беріліп отыр. Баспаналар ипотекалық негізде және сатып алу құқығымен жалға берілген.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Бүгін кезекті кілт табыстауға 30 пәтер кілті берілу жоспарланды. Пәтерлердің барлығы алдағы уақытта сатып алу құқығымен беріледі. БАрлық пәтер таза әрлеудегібарлық инфрақұрылыммен жабдықталған. Барлығы кіруге дайын. 2026 жылға Шымкент қаласы бойынша 1529 азаматқа пәтер беру жоспарланған. Бүгінгітаңда 500 ден астамы берілуде.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баспаналар азаматтарға кезек тәртібімен үлестіріліп жатқанын айтты. Үй беру тәртібі ешқандай заңбұзушылықсыз рет-ретімен беріледі деді.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қуаныштымын сіздердің үй алып жатқандарыңызға. Барлығына айтамын. Сіздерде қалай алғандарыңызды айта жүріңіздер. Таныстарыңыз бар ма әкімшілікте немесе біреудің үстінен кезексіз басып берді ма? Ондай жоқ қой? Кезексіз алғандар бар ма? Ашығын айтыңыздаршы, әкімшілікте таныстарыңыз бар ма? Барлығы осылай алады. Мына түсірген видеодан көріп айтады Мына кісілер мұқтаж емес қой деп. Сонда мұқтаждар жыртық киіммен келу керек пе мен түсінбеймін. Адам көпшілік болғанан кейін әр түрлі пікір болады. Пендешілік қой. Барлығына бұйырған кезде келеді болмаса болмайды дұрыс қой?
Айта кетейік бүгінгі таңда шымкент қаласы бойынша үй кезегінде 92 мыңға жуық азамат тұр.