«Адал азамат – кәсіби маман». Осындай атаумен Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде студенттермен кездесу өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға қаладағы 8 жоғары оқу орын студенттері қатысты.
Шымкентте мемлекеттік қызметте жүрген жастардың үлесі 20 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда жұмысқа орналасам деген азаматқа мемлекет түрлі мүмкіндік қарастырып отыр. Мәселен 35 жастан аспаған жастар мемлекеттік қызметке онлайн құжат тапсыра отырып орналаса алады.
АРМАН ТӘЖІБАЕВ, СТУДЕНТ
Қазіргі таңда мемлекетіміздегі көптеген қолдаулар нәтижесінде мамандығымыз құқықтану болғандықтан іс-тәжірбиелерге департаментке, сот жүйесіне барғанда білікті жақсы маман болғандықтан өздері алып қалып жатыр мемлекеттік жұмыс орындарына. Енді біздің тәжірбиемізді көреді,
САҒАДАТ ӘБДІСАТТАРОВА, СТУДЕНТ
Бүгін мемлекеттік қызмет істер агенттігінің мамандары келіп бізге жиналыс өткізді. Ол жерде жұмысқа тұру тәртібін өткізді. Қазіргі таңда онлайн уақытты босқа құртпай әр түрлі жұмысқа тұру тәртібін үйретті. 01-45/01-57 Менің миамандығым есептеу техникасы және бағдарламаларды қамтамасыз ету яғни программист. Менде осы кісілер түсіндіргендей жұмысқа тұру үшін бағымды сынап көремін.
Іс-шарада Департамент басшысы Қанат Қадырбеков жастарға мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жайында ақпарат берілді. Жалпы жоғары оқу орындарында оқитын үздік түлектер мемлекеттік қызметке іріктеусіз кіре алады.
ҚАНАТ ҚАДЫРБЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – осы студент жастарға мемлекеттік қызметке кірудің тетіктері туралы оларды хабардар қылу. Қолдансытағы заңнамаға сәйкес университет түлектеріне оқу орнын тәмәмдаған кезде белгілі бір мүмкіндіктер беріліп отыр конкурстан тыс мемлекеттік қызметке кіруге. Осыны түсіндіріп, мемлекеттік қызметке қалай кіруге болады? Қалай жұмыс істеу керек, қалай білікті маман атану керек деген сұрақтарға жауап беру мақсатында осындай кездесуді жүргізіп отырмыз.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар туралы жан-жақты ақпарат алды. Ашық форматтағы диалог алаңы жастарға мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіруге, сондай-ақ олардың кәсіби бағдарын айқындауына оң ықпал етпек.