Қазақстан халқы 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткен. Қалаларда – 13 106 358 адам, ауылдарда – 7 411 647 адам тұрады. Қазақстандағы ең тығыз қоныстанған аймақтар – Алматы мен Түркістан облысы. Мұнда сәйкесінше 2 351 424 және 2 146 420 адам тіркелген. Астанада: 1 649 242 адам. Алматы облысында: 1 600 814 адам. Шымкентте: 1 298 279 адам. Жамбыл облысында: 1 215 360 адам. Қарағанды облысында: 1 131 435 адам. Жыл басынан бері Қазақстан халқы 18,1 мың адамға артты. Оның 15,8 мыңы табиғи өсімнің есебінен, 2,3 мыңы – оң миграциялық сальдодан. Ұлттық статистика бюро мәліметінше, Қазақстан 20 миллиондық межеге 2023 жылғы қарашада жеткен.