Шымкент қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иелеріне бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бұл қолдау қала әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып отыр.


Мерекелік қолдау мегаполисте 2026 жылғы 8 наурызға дейін тұрақты тіркеуде тұрған «Алтын» және «Күміс» алқа иелеріне, сондай-ақ «Батыр ана» атағы мен I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне көрсетіледі. Жалпы қала бойынша 14 267 ананы қаржылай қолдау жоспарланып отыр. Бір реттік төлем мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 21 625 теңге. Қаржы жергілікті бюджет есебінен бөлінген. Алқа иелерінің тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректері негізінде жасақталған.