Орталық азия иновациялық университетінде «Ұлттық құндылық және жасанды интеллект» атты студенттер сайысы өтті. Оған болашақ педогогтар қатысып, өнер көрсетті.

Студенттер өзін жасанды интеллект көмегімен таныстырды. Бет-жүзін заманауи көмекшіге көшеріп, ерекше бейнеролик ұсынды.

ЛЮДМИЛА ИГНАШОВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
- «Міне басты мақсат осы! Болашақ педогогтер жасанды интеллектің тиімді тұстарын игеріп, кәдеге асыруы керек. Сонда ғана олар білікті, бәсекеге қабілеті маман болып қалыптасады.»

Жарыс Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орайластырылған. Екінші кезең ақын шығармашылығына арналды. Онда студенттер ән шырқап, шайыр өлеңдерін оқыды.

 АЙНҰР ТҰРСЫНБАЕВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ  
 – «Бұл екінші кезең. Бірінші кезеңге 16 команда қатысып, үздік 8 топ іріктеліп алынған. Бүгін топ жарғандар республикалық олипиадаға жолдама алады.»

Сайыста ұлттық құндылықтарға баса мән берілді. Қорытынды кезең – дәстүрлі киім үлгісін насихаттауға арналды. Онда қатысушылар дефиле жасап, қазақы ою-өрнекті насихаттады. Ұйымдастырушылар, басты мақсат – жас шәкіртті цфрлық кеңістікке баулып, заманауи технологияларды насихаттау дейді.

ГҮЛНАРА ЖҰМАҒҰЛОВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ  
– «Біздің басты мақсатымыз ұлттық құндылықты тәрбиемен байланыстыра отырып, білік жүйесін жетілдіру.»

Жарысқа құрамында 2 мүшесі бар 8 команда қатысты. Жеңімпаздар ашық дауыс беру негізінде бағаланып отырды. Ұйымдастырушылар, бұл сайыстың әділ өтуін қамтамасыз етеді дейді. Университет қабырғасында жасанды интеллект қабілеттерін үйрететін арнайы пән бар. Онда студенттер заманауи құралдарды меңгереді.

АРУЖАН СӘУЛЕБАЕВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТІК РЕКТОРЫ
– «Жасанды интеллекті меңгеріп келеміз. Қолданып, қажетімізге қолданамыз. Мұғалімдер де сабақ үстінде тың жаңалықтарын үйретеді.»

 Университет фоесінде келушілерге арнап арнайы көрме жасақталған. Онда көрнекілік құралдар, стем зертханасында жасалған туындылар қойылған. Сайыс соңында жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.