Шымкентте бадминтоннан Еуразия лигасының халықаралық турнирі басталды. Жарыстың ашылу салтанаты бадминтон орталығында ұйымдастырылды. Жарысқа ТМД елдерінен және еліміздің 6 өңірінен спортшылар қатысып, бақ сынап жатыр.
Аниса Мосунова Ресей құрамасының ойыншысы. Спортшы бадминтоннан еуразиялық турнирге мұқият дайындалған. Спорттың бұл түрімен 5 жасынан айналысамын деген ол 19 жасында Ресей чемпионы атанған. Спортшы Шымкентте өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында қарсыластарын жеңіп жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
АНИСА МОСУНОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ /РЕСЕЙ/
Ресейден 12 спортшы келдік. Негізі ойын кешеде бері жалғасып жатыр. Ойын қорытындысы бойынша әзірге кестеде бірінші орында тұрмын. Ойын соңына дейін осындай болады деген сенімдемін. Жарыста есеп командалық емес жеке есепке беріледі. Біз Қазақстанға алғаш келіп тұрмыз. Жақсы нәтижемен елге ораламыз деген сенімдемін.
Халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және еліміздің 6 өңірінен 100 ден аса спортшы қатысып отыр. 3 күнге жалғасатын сайыс қорытындысы 5 наурыз күні белгілі болады. Жеңімпаздар ойынның екінші турына жолдама алады.
БЕКЕТ БАЛЫҚОВ, ҚР БАДМИНТОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ
Негізгі еуразиялық лиганың ұйымдастырылп жатқан мақсаты орталық Азияда бадминтонды дамыту, насихаттау. Орталық Азия аймағында жарыс өте сирек өтеді. Сол себептен осы турнирді өткізуді жоспарладық. Турнирдің өтіп жатқанына бірнеше жыл болды. Қазіргі таңда Қазақстан құрама командасының нәтижесі жақсы.
Айта кетейік бадминтоннан өтетін турнирдің екінші кезеңі мамыр айында Ташкент қаласында өтеді. Ал, үшінші кезеңін Душанбеде тамыз айында өткізу жоспарланған. Ал гранд финалдың уақыты мен өтетін орны әзірге белгісіз деген жауаптылар сайыстың Қазақстанда өтуі бек мүмкін екенін айтты.