«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды. Акция екі жылдан бері қазақстандықтардың өмір салтына айналды. Еліміздегі игі жобаны жастар белсене қолдап жүр. Азимед медициналық колледжінде «Таза Қазақстан-ортақ үйіміз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жалпы ұлттық акцияның ауқымы  кең, жауапкершілігі жоғары. Аумақты тазалау, қалаларды, саябақтарды, ормандарды және су қоймаларын қоқыстан аршуды міндет етеді.  Көгалдандыру, ағаштар, бұталар отырғызу және жаңа жасыл аймақтарды құру жоспарланған. Нәтижесі айнадай қала, мұнтаздай дала.

АНАР КӨШКЕНБАЙҚЫЗЫ, ОҚЫТУШЫ
Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Табиғаттың ластануы, ауаның сапасы төмендеуі , қоқыстың көбеюі адамзаттың жауапкершілігін талап етеді. Осындай жағдайда елімізде қолға алынған жоба қоршаған ортаны қорғауға арналған маңызды қадам.

Дөңгелек үстелде студенттер тазалыққа бағытталған өздерінің жобаларымен бөлісті. Үй жұмысында дайыфндаған эсселерін оқып, талқылады.  Көктем айына жоспарлаған жұмыстарын жүйеледі.   Еліміздегі игі жобаға жас буын белсене атсалысып келеді.

ЖАНСАЯ ТЕМІРБЕК, СТУДЕНТ
Колледжде біз сенбілікке шығып тұрамыз. Тазалық қызметкерлеріне де көмектесеміз. Биыл біз көшет отырғыздық. Аулаларды сыпыруға да көмектемсеміз.

Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Табиғатты  аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді.  Таза қалалар мен табиғи ландшафттар  туристерді  тартады.  Ағаш отырғызу және парниктік газдар шығарындыларын  азайту  климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Экологиялық  жауапкершілік  Қазақстанның халықаралық беделін арттырады.