Бүгін «Зерде Керамика» кәсіпорнында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Басқосу барысында қатысушылар құжаттың негізгі ережелерімен танысты.


 Жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысы мен қазіргі заман талаптарына сай әзірленген. Құжатта ел дамуының басым бағыттары айқындалып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге баса мән берілген. Ата Заңда «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екені нақты көрсетілген. Жиын барысында қатысушылар Ата Заңның мазмұны мен маңыздылығына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Сонымен қатар, жаңа жобаға енгізілген жаңашылдықтармен танысып, өзара пікір алмасып, талқы жүргізді.


МӨЛДІР АЙДАРҚЫЗЫ,  МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Мәдениет өкілі ретінде жаңа Конституцияны қолдаймын.Мәдениет саласына көп көңіл бөлініп келеді.Ал ең бастысы-адам құқығы қорғалады.Қазіргі таңда желіде түрлі пікір қалдырып кететін қолданушылардың қатары көбейді ғой.Жаңа Ата заң бұл мәселеге де ден қояды.