Қазығұрт ауданындағы Қарақозы Абдалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті. Семинарға Келес, Сарыағаш, Арыс және Қазығұрт ауданының педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді стратегиялар мен әдістерді қолдану, тәжірибе алмасу, сонымен қатар білім беру мазмұнын жаңартуда орыс тілі мен әдебиеті пәні сабақтарын беру барысында мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін арттыру дейді мектеп директоры.
Бағдарлама аясында 4 ашық сабақ өткізілді. Аудан, қаладан келген мұғалімдер ашық сабақтарға қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар 3 мұғалім өздерінің авторлық әдістемелік бағыттары бойынша мазмұнды шеберлік сыныптарын (көрсетті.
Семинар барысында заманауи оқыту әдістері, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісіне енгізу жолдары талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби пікірталас алаңында өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, облыстық тәжірибелік семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды әдістемелік алаңға айналды.