Ордабасы биыл чемпиондыққа таласады. Жаңа басшылық бас бапкер мен командағы осындай нақты талап қойып отыр. Клуб президенті Дархан Қызайбаев маусым алдындағы баспасөз мәслихатында клубтың жоспарлары мен негізгі мақсаттары жөнінде тартқатып айтты.
Жаңа маусымға дайындықтан кейін құрамада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қысқы трансфер кезінде қақпашы Бекхан Шайзаданың клубтан кетуі мүмкін деген қауесет тараған еді. Футболшы туындаған сұрақтардың нақты жауабын берді.
Жаңа басшылық Ордабасы футбол клубының өзіндік академиясын ашуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жаңа маусымның бірінші ойыны 7 наурызда болады. Шымкенттік Ордабасы Павлодарлық Ертіс өз алаңында қабылдайды.